«Саналы ұрпақ» еріктілер клубының жұмысы туралы ереже
- Жалпы ережелер
1.1 «Саналы ұрпақ» еріктілер клубы – колледждегі құқықтық білім, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау үшін құрылған студенттердің ерікті бірлестігі.
1.2 «Саналы ұрпақ» ерікті клубы – колледж өзін-өзі басқару жүйесінің құрылымдық бөлігі болып табылады.
1.3 «Саналы ұрпақ» ерікті колледж клубы – колледж директоры бекіткен ереже негізінде клубтың жетекшісі бастауымен жұмыс атқаратын студенттердің бірлестігі.
1.4 «Саналы ұрпақ» ерікті клубының қызметі осы ереже негізінде жүзеге асырылды.
1.5 Клуб жұмысын реттейтін ішкі құжаттарды жетекшісі өзі әзірлейді және колледж директорына ұсынады.
- Мақсаттары мен міндеттері
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет;
- Мөлдір және ашық оқу орны;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді ендіру арқылы оқу сапасын арттыру;
- Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама;
- Ақпараттық қолдау;
- Білім саласының барлық субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын көтеру;
- Білім саласы субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын өсіру;
- Студенттерді және оқытушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жетекшілеріне айналдыру.
- Клуб қызметінің принциптері
- Еріктілік;
- Жариялық және ашықтық;
- Клуб мүшелерінің құқықтық мәдениеті;
- Клуб өмірін ұжымдық түрде ұйымдастыру;
- Клубтың әр мүшесінің қызығушылығын, арын және пікірін құрметтеу;
- Әлеуметтік. Қоғамдық-пайдалы маңыздылық;
- «Саналы ұрпақ» еріктілер клубының рәміздері
4.1 Клуб эмблемасы
- Клуб құрылымы және оның жұмысын ұйымдастыру
5.1 Клуб жұмысына қатысуға ынта білдірген студенттер клуб мүшелігіне қабылданады
5.2 Клуб жиналысында ауызша өтініш білдіру арқылы клуб мүшелеріне қабылдануға болады.
5.3 Клуб отырыстары кем дегенде 3 айда бір рет өткізіледі.
5.4 Клуб жетекшісі:
- Клуб қызметін ұйымдастырады;
- Кезектен тыс отырыстың өткізілуі туралы шешім қабылдайды;
- -Әкімшілік кеңестерде, оқушылардың жалпы жиналыстарында клуб жұмысының барысымен таныстырады;
- Клуб мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
6.1 Клуб мүшелері бірдей құқыққа ие; - Өз еркімен клубқа кіру және клубтан шығу; - Кезектен тыс отырыстың өткізілуі туралы шешім қабылдайды; - Әкімшілік кеңестерде, конференцияларда клуб қызметімен таныстырады;
- Клуб мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
7.1 Клуб мүшелері бірдей құқыққа ие;
- Өз еркімен клубқа кіру және клубтан шығу;
- Клуб қызметінің сұрақтары бойынша өз пікірін білдіріп, ұсыныс жасауға;
- Әлеуметтік маңызды шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсыныстар жасау;
- Клуб штабындағы бар ақпаратты алуға;
- Өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін клуб штабынан көмек сұрауға.
7.2 Клуб мүшелері төмендегідей міндеттемелерді өз еркімен қабылдайды;
- ҚР заңнамасы, өз қызметіне қатысты халықаралық құқықтық жалпыға міндетті принциптері мен нормаларын, сонымен қатар Инновациялық техникалық колледжінің КММ жарғысымен белгіленген нормаларды сақтау;
- Осы ереженің талаптарын орындау;
- Клуб беделін қорғауға, оның жұмысын насихаттау.
- Қорытынды ережелер
Клуб заңды тұлға болып саналмайды, өз қызметін қоғамдық негізде атқарады, коммерциялық емес бірлестік болып табылады, Инновациялық техникалық колледжінің аумағында ғана қызмет етеді.
Клуб жетекшісі: Дабылдаева А.
Клуб хатшысы: Абаева А