Тіл тірегіміз-соғып тұрған жүрегіміз
«Ана тілім-тіршілігім, тынысым,
Бақыт сыйлар, шаттық сыйлар ырысым» -дегендей, тіл әрбір халықтың, әрбір ұлттың ең қасиетті де қастерлі байлығы. Бүгінгі тіл мәселесі-ұрпақ келешегі.
Сондықтан, болашақта Отанымыздағы ұлттар бірлігін нығайта түсу үшін, сол ұлттардың әрқайсысының ана тілін құрметтей отырып, мемлекеттік тілде сөйлеуді үйрету тәрбиесінің берері мол. Осы орайда Қаскелең Гуманитарлы-Техникалық колледжінде әртүрлі тәрбиелік мәні мол шараларды, эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып өткізу жоспарлануда. Бұл шаралардың мақсаты-адамның отансүйгіштік, адамгершілік сезімдерін оятып, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншіліктерін қалыптастырып,, бірлікті нығайту.
24 қыркүйекте біздің колледжде Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара тілдер мамандары оқытушылары мен колледждің білімгерлерімен ұйымдастырылды. «Ана тілі» поэзиясын орындаған Ералиева Бегімай, көз тартарлық «өзбек биін» билеген Әскербек Аружанды ду қол соққан көрермен куана қарсы алды.
Бахытова Сабина тартымды тілімен жұртты қаратса, Муратова Дариға ұғымды да жатық тілдерімен бір-бірінен асып түсті. Сондай-ақ, ШТ-2, НО 1/11, НО-1,НО -1/11, ҚТӘ-1, ШТ-1/11 тобының білімгерлері: Қошқаров Асылбек, Бахыт Алина, Нұрмаханқызы Ұлпан, Кабулова Ақбота, Каримсакова Асель ұйымшылдық танытып, мазмұнды да мағыналы өлеңдер оқып, Мухамедова Мадина фортепиянода Бетховенның классикалық туындыларынан үзінді орындап іс-шараның ажарын аша түсті.Ағылшын, француз, швед тілдерінде оқылған өлеңдер кімнің болса да көңілінен шықты.
Ән өлкесінде өз өнерлерін көрсетіп, көрермен жүрегіне жол тауып украин, өзбек тілдерінде шырқата ән салған іс-шара сәнін келтірді.
Мемлекеттік тілде өлеңді мәнерлеп оқыған білімгерлердің ана тілімізді қастерлеп,қадірлей білетіндері көңілге қуаныш ұялатады.
Осындай мағыналы іс-шаралар елімізде тұрып жатқан ұлттардың ынтымақ, бірлікте тату-тәтті өмірсүрулеріне өз әсерін тигізетіні сөзсіз.
Президентіміздің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Отаншылдық, білімге құштарлықпен еңбекқорлық, бірлік пен жауапкершілік сияқты қасиеттер дәріптеу біз үшін маңызды.Біз бірге болсақ қана, теңдессіз елдік бірегейлігімізді нығайта аламыз» -деп атап көрсеткен болатын. Көпұлтты білімгер ордасы-Қаскелең Гуманитарлы-Техникалық Колледждің бірлігі нығайып, білімгерлергердің білімге деген құштарлығы молая берсін, ұстаздардың мерейі өссін демекпіз.
КЕЛІСІЛДІ: ҚГТК директоры ________________ М.М. Бакиева
ҚГТК алғашқы әскери дайындық пәнінің
оқытушысы М.Аманова