Қыркүйектің 20-жұлдызында Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күні мерекесін атап өтті. Тілдер мерекесі – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет. Сондықтан да жыл сайын осы мереке колледжде дәстүрлі фестиваль түрінде аталып өтіліп келеді. Қазақ ұлты бастаған фестивальде ағылшын, орыс, сынды ұлттардың ұлттық ерекшеліктері, тілі мен өнері жан-жақты насихатталды. Сонымен қатар шара колледж өміріне енді ғана етене араласа бастаған 1-курс студенттерінің өнерлерін танытуларына, топ болып ұжымдасуларына бірден-бір септігін тигізді. Олар өздерін әр қырынан танытуға, мерекеге өзіндік үн қосуға барынша тырысты. Өрлі де асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары осындай өрелі іске баратынын көрсетті. Колледж студенттері қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тіл туралы өлеңдер оқып, көрініс көрсетіп, ән салды.

📌Ұйымдастырушылар Манакбаева Қ. Б.
📌Мендыбаева А. З.

https://www.instagram.com/p/CxXph8GMurF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

16-17 қыркүйек Аlmaty urban fest Street workout спорт түрінен
Ақпараттық жүйелер мамандығының 3-курс студенті Аяз Жахангер Қазақстан Республикасының чемпионатында 3 орынға ие болды.

  • Мақсаты: 

    •Қыз балалардың өзін-өзі тәрбиелеуіне бағыт-бағдар беру, психоэмоциялық жағдайын жақсарту, психологиялық қолдау көрсету;

    •Қыздарды адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу, өмірге деген көзқарастарын мағыналы ете білуге бағыттау.

    . Қыз - өмірдің қызғалдағы, қыздар - болашақ ана, бақыт пен байлық ошағы, адамзаттың өсіп-өркендеп, тәлім-тәрбие алатын қасиетті ұясы. Жиналыс барысында қазақ қызының бейнесі және оның бойындағы асыл әрі көркем қасиеттері жайлы, жалпы бой түзетуге лайықты тұлғаның келбеті бейнеленіп, қыздар арасында психологиялық тұрғыда еркін өзара пікір алмасу жүргізілді.

    . Ерте жүктіліктің алдын алу.

    📌Ұйымдастырушы қыздар клубының жетекшісі Мчедлидзе Я.

    📌Колледждін психологі Утепова Д. С.
    📌Колледждің арнайы пән оқытушысы Сулейменова З. Р.
    📌Колледждің медбикесі Нуркашева Ф. А.

     
 
 

file:///C:/Users/%D0%9A%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BC%D0%BA%D0%B0%D1%81/Downloads/%D0%9A%D0%BE%D0%BB%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%B6%D0%B4%D1%96%D2%A3%20%D0%B6%D1%8B%D0%BB%D0%B4%D1%8B%D2%9B%20%D0%B6%D0%BE%D1%81%D0%BF%D0%B0%D1%80%D1%8B%202021-2022%20%D0%B6%D1%8B%D0%BB.pdf