

Қыркүйектің 20-жұлдызында Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күні мерекесін атап өтті. Тілдер мерекесі – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет. Сондықтан да жыл сайын осы мереке колледжде дәстүрлі фестиваль түрінде аталып өтіліп келеді. Қазақ ұлты бастаған фестивальде ағылшын, орыс, сынды ұлттардың ұлттық ерекшеліктері, тілі мен өнері жан-жақты насихатталды. Сонымен қатар шара колледж өміріне енді ғана етене араласа бастаған 1-курс студенттерінің өнерлерін танытуларына, топ болып ұжымдасуларына бірден-бір септігін тигізді. Олар өздерін әр қырынан танытуға, мерекеге өзіндік үн қосуға барынша тырысты. Өрлі де асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары осындай өрелі іске баратынын көрсетті. Колледж студенттері қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тіл туралы өлеңдер оқып, көрініс көрсетіп, ән салды.
📌Ұйымдастырушылар Манакбаева Қ. Б.
📌Мендыбаева А. З.

